Covid-19 жұқтырғандар саны қашан азаяды?

02 сәуір, 16:20

Фото: almaty.gov.kz

Қазіргі уақытта Алматыда екі күндік карантинде бес жүз жиырма адам жатқаны хабарланды. Оның 50-і- бала. 

Алматы, NEGE. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев жақын арада қалада коронавируспен ауырған адамдардың саны күрт төмендейді деп болжап отыр. 

"Азаматтар, отбасы мен ұжым арасындағы қарым-қатынасты барынша шектеу коронавирус инфекциясы таралуының төмендеуіне ықпал етеді. Егер адам өзін жоғары деңгейде оқшаулайтын болса, біз жақын арада қала тұрғындары арасында Covid-19 дертінің күрт төмендейтініне сенеміз", - деді Әбілдаев брифингте.
Айта кетейік, Алматыда қазір провизорлық орталықтарда 619 адам бар, оның 81-і бала. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации