COVID-19 қайта өршіген жағдайда «103» қызметі қалай жұмыс істейді?

18 қыркүйек, 13:33

Фото: ғаламтордан

Жаз маусымында індет өршіген кезіде жедел жәрдем қызметіне жүктеме бірнеше есеге артқаны белгілі.

Алматы, NEGE. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы коронавирустық инфекция қайталанған жағдайда «103»-ке жүктемені азайту бойынша шаралар қабылдауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат. О

сылайша, «103» диспетчерлік пульттерінің саны 14-тен 30-ға дейін ұлғайды. Қажет болған жағдайда қоңырауларға қызмет көрсететін жедел жәрдем бригадаларының саны бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарында 70 бригадаға, жедел жәрдем станциясының деңгейінде 90 бригадаға дейін артады. Кронавирус және пневмониямен ауыратын науқастарды госпитализациялаудың жаңа алгоритмі бекітілді.

«Жедел жәрдем станциясының базасында байланыс орталығы ашылды. Яғни, аумақтық емханалардың қызметкерлері тұрғындарға коронавируспен байланысты сұрақтары бойынша түсініктеме беруге әзір. Осылайша «103» желісіне жүктеме азайды. Сонымен қатар, қала тұрғындары жедел жәрдем шақыру үшін Telegram әлеуметтік желісіндегі чат-ботты әрдайым қолдана алады», - деді басқарма басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Әлия Рүстемованың айтуынша, ахуал орталығының жұмысы эпидемиологиялық ахуалды бақылау және науқастарды ауруханаға жатқызу, сондай-ақ ресурстарды тиімді бөлу мақсатында медициналық ұйымдардың өзара әрекеттестігі бойынша жедел басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйымдастырылған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации