COVID-19: психологиялық қолдау көрсететін сайт ашылды

06 сәуір, 10:38

Фото: 24.kz

 Елімізде коронавирус инфекциясымен күрес аясында азаматтарға психологиялық қолдау көрсететін сайт іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Онда өзіңізді мағазалаған сұрақтарға жауап алып, психолог және психотерапевтің онлайн қабылдауына жазылуға болады. Мамандар күйзеліске берілмей, стрессті басқару әдістерін айтады. Сондай-ақ баларлармен коронавирус туралы қалай сөйлесу қажет және карантин кезінде үйдегі отбасы мүшелерімен қандай қарым-қатынас орнату керек деген сауалдардарға жауап береді. Бірнеше күн бұрын іске қосылған психологиялық қолдау платформасын пайдаланғандар саны әзірге аз. Күніне 7-8 адам ғана кәсіби маманнан онлайн кеңес алған.

 «Бірақ бұл тек басы ғана», - дейді психологтар. Себебі, әлемдік деңгейдегі күрделі мәселемен күресте кез келген адамға психологиялық көмек керек. Әсіресе, карантинде жатқандар ерекше қолдауға зәру. Республикалық психикалық денсаулық ғылыми орталығының психологы Жұлдызай Алиева: "Бір жерде отырып қалғаннан кейін адамның күнделік өмірі біркелкі өтіп жатқан тәрізді болуы мүмкін. Өйткені тығырыққа тіреліп, іштей тоқырауға ұшырағандай көрінуі мүмкін. Ал маманның кәсіби тілмен түсіндіргені, кәсіби тілмен жеткізгені сіздің жаныңызға жай таптырып ары қарай сіздің өмір сүруге белсенділігіңізді арттыруы әбден мүмкін" дейді. 

 Карантин басталғалы еріксіз үйіне қамалғандардың бірі жалғыздықтан жабырқаса, енді бірі ұйқысы қашып, алдағы уақытта не болады деп уайымға салынған азаматтар. Сараптамаға сай, психологиялық көмекке жиі жүгінетін де осылар. Бұл санаттағы адамдарға 15 минуттық онлайн қабылдау өткізіледі. Жалпы сайтқа Қазақстанның әр өңірінен 70-тен астам психолог тіркелген. Олар халықаралық тәжірибеге сүйеніп көмек көрсетеді. Онлайн қабылдаудың басым бөлігі орыс тілінде өтеді. Сайттың қазақша нұсқасы әлі толық іске қосылмаған.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации