Бұқаралық шараларды өткізуге салынатын тыйым 13 наурыздан бастап енгізіледі

12 наурыз, 17:05

Фото: аdvantour.com

Қазақстанда бұқаралық шараларды өткізуге салынатын тыйым 13 наурыздан бастап енгізіледі, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

Алматы. NEGE. «Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу және қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында бүгіннен бастап келесідей шаралар қабылдансын: 13 наурыздан бастап бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынсын (мерекелік, спорттық, көрермендері бар бұқаралық мәдени шаралар, конференция, семинарлар, көрмелер және т.б.)», - деді Тоғжанов бейсенбідегі брифингте.

Бұл ретте ол денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінде, ХҚКО, базарларда, вокзалдарда, әуежайларда және т.б. адам көп жиналатын жерлерде санитарлық-гигиеналық режим күшейтілетінін атап өтті.

Бұған дейін хабарлағандай, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің коронавирус салдарынан арнайы алдын алу шараларын жүзеге асыруға кірісетінін мәлімдеген болатын.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации