Бүгін жауын-шашын болмайды
16 наурыз, 09:55

Нұр-Сұлтанда, Алматы мен Шымкентте дүйсенбі күні жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады ҚазТАГ «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы. NEGE. Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады. Күндіз +5+7, түнде +1+3.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с жел тұрады. Күндіз +18+20, түнде +3+5.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, оңтүстіктен 8-13 м/с жел тұрады. Күндіз +22+24, түнде +8+10.