Бүгін жауын-шашын болмайды

11 наурыз, 10:24

Фото: altapress.ru

Сәрсенбі күні Қазақстанның көп облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады ҚазТАГ «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы.  NEGE. «ҚР басым аумағына бұрынғысынша антициклон ықпал етеді, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығы мен шығысында фронталды бөліктерге байланысты кей жерлерде жауын-шашын күтіледі (жаңбыр, қар), жел күшейеді, жаяу сырма соғады, оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі», - делінген хабарда.

Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман түседі. Жолдарда көктайғақ. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -1+1, түнде -8-10.

Алматыда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +7+9, түнде -2-4 шамасында.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан екпіні 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +12+14, түнде -1+1.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, 15-20 м/с жел күшейеді. Күндіз +8+13, түнде 0-5.

Түркістан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15, түнде -3+2.

Қостанай облысында күндіз тұман түседі, көктайғақ, жаяу сырма соғкады. Күндіз 0+5, түнде -3-8.

Алматы облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +7+12, түнде -2-7.

Ақмола облысында тұман және көктайғақ. Түнде қар күтіледі. Күндіз -2+3, түнде –5-10.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -1+4, түнде -2-7.

Павлодар облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -3+2, түнде -10-15.

Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде жаяу сырма соғады, тұман түседі, көктайғақ. Күндіз -3+2 (оңтүстігінде +5), түнде -7-12 (оңтүстігінде -4).

Ақтөбе облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде аздаған қар жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +1+6, түнде 0-5.

Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +10+15, түнде 0-5.

Атырау облысында ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, жауын-шашынсыз. Күндіз +13+18, түнде 0+5.

Маңғыстау облысында шаңды дауыл күтіледі, 15-20 м/с жел тұарды, екпіні 23 м/с дейін жетеді. Күндіз +13+18, түнде 0+5

Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +9+14, түнде 0-5.

Шығыс Қазақстан облысында 15-20 м/с жел тұрады, түнде кей жерлерде жаяу сырма соғады, көктайғақ. Күндіз -2-7, түнде -10-15.

«Алдағы тәулікте республиканың көптеген өзендерінде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді. Қазақстанның батысындағы өзендерде мұз жамылғысы еруін жалғастырады», - деп ескертті синоптиктер.



 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации