Бүгін ауа-райы жауын-шашынды

03 наурыз, 10:55

Фото: kubnews.ru

Сейсенбі күні Қазақстанның тек солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде ғана жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады ҚазТАГ  «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы. NEGE.«Қазақстан аумағының басым бөлігі бұрынғыша антициклоның ықпалында болады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз, тек солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде ғана циклонның ықпалымен кей жерлерде жауын-шашын болады (жаңбыр, қар). Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел күшейеді, ҚР орталығы мен шығысында жаяу сырма соғады», - делінген хабарда.

Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, түнде аздаған қар жауады. Түнде және ертеңгісін тұман түседі. Солтүстік-шығысытан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 7-12 м/с. Ауа температурасы күндіз -1-3, түнде -10-12.

Алматыда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +14+16, түнде +2+4.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан 8-13 м/с жел солтүстік-шығысқа ауысады. Ауа температурасы күндіз +13+15, түнде +3+5.

Павлодар облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5, түнде -4-9.

Қарағанды облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, тұман түседі, көктайғақ, жаяу сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3+2, түнде -2-7.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде көктайғақ, жаяу сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5, түнде -5-10.

Ақмола облысында күндіз кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, түнде кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3+2, түнде –7-12.

Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, түнде жауын-шашын болмайды, кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +7+12, түнде 0+5.

Түркістан облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр күтіледі, түнде – жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +11+16, түнде +1+6.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, түнде- жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2+3, түнде -5-10.

Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10, түнде -4+1.

Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +3+8, түнде 0-5.

Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -3+2, түнде -7-12.

Қостанай облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -2+3, түнде -7-12.

Алматы облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, түнде жауын-шашын болмайды, түнде Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +13+18, түнде 0+5.

Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз Күндіз +7+12, түнде -2+3.

Атырау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +6+11, түнде 0-5.

«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысы мен батысындағы өзендерде мұз қату құбылысы ары қарай төмендейді. Қазалы ГБ тұстамасындағы Сырдария өзенінде мұз қату әлсірейді. Қазақстанның жазықтық аумағындағы қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деп ескертті синоптиктер.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации