БҚО-да қалың тұман түсіп, күшті жел тұрады

23 ақпан, 19:35

Фото: inform.kz

24 ақпан күні Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, өңірдің кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал. 

Орал қаласында да тұман түсіп, желдің екпіні секундына 18 метрге жетеді. 

БҚО ТЖ департаменті осыған байланысты төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар қолға алынып жатқандығын жеткізді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации