Біртанов: Жалған ақпаратқа емес, бізге сеніңіздер!

12 наурыз, 14:29

Фото: сурет ғаламтордан алынды

ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов әртүрлі сипатта пневмониямен ауырып жатқан адамдардың бар екенін айтты. 

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Расымен де, бізде әртүрлі сипаттағы пневмониямен ауырып жатқандар бар. Ауру жұқтыру қаупі жоғары мемлекеттерден келгендердің ішінде эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша ауруханаға жатқызылғандар да бар. Қазіргі уақытта 96 адам әртүрлі ауру белгілерімен ауруханада жатыр. Оның 46-сы ем алуда. Олардың бәрі міндетті түрде коронавирус инфекциясы бойынша тексеріледі. Қазіргі уақытта пневмониямен ауырып жатқандардан коронавирус инфекциясы анықталған жоқ», – дейді Елжан Біртанов. Сондай-ақ, министр әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпараттарға сенбеуге шақырды. «Тек ресми ақпаратқа сеніңіздер! Халықты дүрліктіруден сақ болыңыздар!» деді ол. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации