Біртанов: Карантинге түсіністікпен қарайық

06 наурыз, 13:13

Фото: сурет ғаламтордан алынды

Шектеу болуы тиіс. Көптеген ел шектеуді енгізеді. 4 наурызда бірінші санаттағы елдерден келген шетел азаматтары үшін шектеулер енгізілді. Жолаушылар ағынын қысқарту үшін осындай нормалар күшіне енді.

Алматы, NEGE. Өкінішке қарай, біздің азаматтарымыз ескерту мен қауіп-қатерге қарамай, басқа елдерге, әсіресе, бірінші санаттағы елдерге шығуларын қояр емес. Әсіресе, біздің азаматтар көп баратын Оңтүстік Кореяны ерекше атап өткім келеді. Ауру кең таралып келе жатқандықтан біртіндеп шектеу шараларын енгізудеміз. Сондықтан біз алғашқы күндерден бастап азаматтарымызды бұл елдерге бармауға шақырдық. Бізді бизнеске кедергі келтірді деген сыңайда сынға алды. Бірақ бұл ұсыныстар азаматтарымызды қорғауға бағытталған»,  – деді Елжан Біртанов.

Министрдің айтуынша, ескертуге қарамастан кетіп қалған азаматтар елге келген кезде шектеу шараларына дайын болуы тиіс. Бұл денсаулық сақтау кодексіне сәйкес заңды қадам. Осы стандарттарды бұзғаны үшін жауапкершілік те қарастырылған. «Шектеулер енгізілгенімен біз әрдайым басқа елдердің әуе компанияларына ықпал ете алмаймыз. Сондықтан халықты қорғау мақсатында бізге келіп жатқан азаматтарды депортациялауға дейінгі әрекетті жасауға, жер аударуды жүзеге асыруға құқығымыз бар.

Атап айтқанда, 4-і күні БАӘ-ден борт келді. Онда ҚХР-дың екі азаматы бар болып шықты. Біз оларды оқшаулап, бақылап, Қытайға жібердік. Басқа елдер де осындай шараларды қабылдауда. Бұл үйлесімді саясат», –  деді министр. Денсаулық сақтау министрінің айтуынша қазіргі таңда Қазақстанда 992 адам карантинде (5 наурызда Оңтүстік Кореядан келген 100 адаммен қосқанда 1092 адам) жатыр. Оның ішінде оқшауланғандар да, үй жағдайында карантинде жатқандар да бар. 2 және 3 санаттар бойынша, яғни тұрғылықты мекенжай тұрғысынан 7515 адам, жалпы 8 мыңға тарта адам Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауына алынған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации