Біртанов: Инфекция болмаса, масканы тағудың қажеті жоқ

05 наурыз, 18:25

Фото: сурет ғаламтордан алынды

Орталық коммуникациялар қызметінде  «Қазақстандағы коронавирустық инфекцияға қарсы шараларды күшейту туралы» тақырыпта өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов медициналық маска тапшылығы жайында да айтты.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Отандық өндірушілер екі ауысыммен жұмыс істеп жатыр. Тәулігіне 170 мың, айына 5 млн маска өндірілуде. Оны СК-Фармация арқылы сатып аламыз. Ал жеке дәріханаларға дистрибьютор арқылы жеткізіледі. Осы мәселе бойынша құрылған арнайы штаб маска тапшы қалаларға жөнелтуде. Халық түсіністікпен қарау керек. Әуелі маска медициналық қызметкерлерге, санитарлық дәрігерлерге керек. Ал тағы айтам, инфекция болмаса масканы тағудың қажеті жоқ» деді.

Сондай-ақ, министр алыпсатарлардың әрекетін тоқтату жөнінде арнайы тапсырма барын және контрабандалық жолмен саудалауды кәсіп қылғандарды әшкере етуде шекара қызметінің үлкен көмек беріп жатқанын жеткізді. «Экспортқа жібермей, дәріханаларға таратуды қолға алдық» деді ол өз пікірінде.

Ал «Азық-түлік тапшылығы болмай ма?» деген сауалға министр: «Үкімет отырысында барлық әкімдер тапсырма алды. Елімізде азық-түлік қоры жеткілікті» деді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации