Біртанов: Фейк ақпараттарға емес, бізге ғана сеніңіздер!

05 наурыз, 17:59

Фото: сурет ғаламтордан алынды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде  «Қазақстандағы коронавирустық инфекцияға қарсы шараларды күшейту туралы» тақырыпта өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.Біртановқа көп сауал қойылды.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Соның бірі «Орт-Еуразия» телеарнасының тілшісі: «Алматы облысы, Үштөбе қаласынаа Оңтүстік Кореядан коронавирус жұқтырған азамат келіпті. Бұл туралы пікіріңізді білсек» дегені сол еді, министр Біртанов: «Әлеуметтік желідегі ақпараттарға сенбеңіздер! Тағы қайталап айтам, Денсаулық сақтау министрлігіне, арнайы органдар таратқан ақпараттарға ғана құлақ асыңыздар. Себебі,  сенімді ақпарат бізде ғана» деп жауап берді.  

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации