Біртанов: Баланы балабақшаға жіберу не жібермеуді ата-ана өзі шешеді

13 наурыз, 15:10

Фото: сурет ғаламтордан алынды

"Қазір елімізге Германиядан келген азаматтарға ғана кіруге болмайды. Рейстер де тоқтады. Азаматтар транзит арқылы да келіп жатыр" деді Денсаулық сақтау министрі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Нұр-Сұлтан, NEGE. Министр өз сөзінде "Паника шақыруға болмайды. Келгендерді максималды түрде оқшаулау қажет. Ұшақпен келгендердің бәрін қадағалап отырмыз. Олармен қарым-қатынасқа түспеу керек" деді. 

Сондай-ақ, "Балабақшада карантин бола ма?" деген тілшінің сауалына: «Мектеп бойынша шешім қабылданды. Әзірге балабақша істеп жатыр. Елімізде жұмыс тоқтаған жоқ. Сондықтан баласын жіберу не жібермеуді ата-анасы өзі шешуі керек. Қазір  балабақшаны жабу туралы шешім қабылданған жоқ. Егер жағдай ушықса, көреміз» деді. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации