Біртанов: Алматыда төтенше жағдай жариялаудың қажеті жоқ

13 наурыз, 16:58

Фото: tengrinews.kz

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирусқа байланысты Алматыда төтенше жағдай жариялаудың қажеті жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы. NEGE."Төтенше жағдай жариялау туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар, яғни өңір әкімдері шығарады. Әрине, біз олармен байланыстамыз. Қазіргі уақытта төтенше жағдай жариялаудың қажеті жоқ", - деді министр.

Коронавирус жұқтырған 1974 жылғы ер адам және 1984 жылғы әйел адам екені белгілі болды. Науқастар жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Оларда аурудың клиникалық белгілері әзірге жоқ. 

"Біз үш ай коронавируспен күрес жүргіздік. Барлық қажетті іс-шаралар аурудың еніп кетуіне жол бермеу үшін қолға алынды. Бүгін біз екі азаматтың сынамасынан вирус расталғаны туралы мәлімет алдық. Олар Германиядан келді, олардан коронавирус анықталды. Олар Алматыдағы стационарға орналастырылды. Бұл адамдардың клиникалық белгілері жоқ, жағдайы жақсы. Барлық қажетті шара қабылданып жатыр", - деген еді Біртанов.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации