Бірнеше өңірде боран соғады

02 наурыз, 15:29

Фото: сурет ғаламтордан алынды

Көктем келіп, күн жылынса да, қуануға әлі ерте. 

Алматы, NEGE. Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы бұзылып, тұман түседі,  – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК өкілдері. Синоптиктердің мәліметінше, Нұр-Сұлтанда таңертең және күндіз тұман түседі. 

Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсетіні айтылады. Батыстан жел соғып, күндіз кей жерлерде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді деп болжанып отыр. Петропавлда да түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан жел соғады, күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді дейді синоптиктер.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации