Бір үйдің 4 адамы індет жұқтырған

01 сәуір, 16:47

Фото: Today.kz

Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 науқас та – Жетісай ауданының тұрғындары, деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап. Бұл туралы онлайн брифингте облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов мәлімдеген.

Алматы. NEGE.  Оның айтуынша, коронавирус жұқтырған науқастардың төртеуі бір отбасының адамдары екені анықталған. "Жетісай ауданында алғашқы тіркелген науқастың үйіндегі үш адамнан да сынама алған болатынбыз. Олардың бәрінен алынған сынамалар оң нәтиже берді. Одан бөлек бесінші науқас та осы Жетісай ауданының тұрғыны болып табылады. Алматы қаласында іс-сапарда болған. Ол да келіп, ауруханада емделіп жатқан. Клиникалық белгілері бойынша сынамалар алынған кезде оң нәтиже берген. Қазіргі уақытта олармен қарым-қатынаста болған 41 адам есепке алынып, емдеу мекемелеріне оқшауланды. Зертханалық сынамалар алынып, тиісті жұмыстар атқарылуда",- деді Нұрбек Нышанов. Науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық дәрежеде.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации