Бір отбасының 8 мүшесі вирус жұқтырған

31 наурыз, 17:46

Фото: facebook.com

Қызылордада бүгін анықталған науқастардың барлығы – Жаңақорған ауданының тұрғындары.

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, 8 азамат – бір үйдің тұрғыны. Олар 45 жас пен 6 жастың аралығында. Оның ішінде 3-еуі – 14 жасқа дейінгі балалар.

Бұл туралы Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов брифингте мәлімдеді.

Айтуынша, олар бұған дейін тіркелген науқаспен қарым-қатынаста болып, карантинге алынған.

Облыста науқастармен қарым-қатынаста болған 388 адам анықталды. Оның ішінде 101 адам тығыз қарым-қатынаста болған. Барлығы үй жағдайындағы бақылауға алынды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации