Білім гранты иегерлерінің тізімі шықты

15 тамыз, 18:20

Фото: ғаламтордан

2020-2021 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды.

Алматы, NEGE.  2020-2021 оқу жылына арналған мамандықтар бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды, магистрлерді және PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді.

Құжатқа сәйкес, биыл жоғары білімі бар кадрларды (бакалавр) даярлауға - 53 864 грант бөлінді.ҰБТ еліміз бойынша 21 маусым мен 1 шілде аралығында өткізілді. Оған рекордтық көлемде – 131 754 өтініш тіркелсе, оның 111 113-і, яғни 82 пайызы – биылғы мектеп түлектері. Өткен жылы бұл көрсеткіш 12% төмен болғанын атап өткен жөн. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации