Алматыда қанша мектеп салынады?

19 ақпан, 12:14

Фото: Сәрсенбек Қызайбек

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев есеп беру кездесуінде қала тұрғындарының сауалына жауап берді. 

Алматы, NEGE. Алатау ауданына қарасты «Рахат» шағын ауданында мектеп жетіспейтіні жайында қойылған сауалға қала әкімі былай жауап берді. 

«Алматы – үлкен магаполис. Мұнда жылдан жылға халық саны өсіп келеді. Бала туу саны және ішкі миграция жағы да сеп болуда. Мектепке жылына 12 мың бала барады. Алматы қаласында биыл 13 мың орынға арналған 8 мектеп салынады. Соның біреуі осы «Рахат» шағын ауданында салынады деп жоспарланды. Биыл бастасақ, 2021 жылдың жаңа оқу жылына дейін үлгерсек дейміз. Биылдың өзінде 1800 орындық екі мектептің құрылыс жұмысы басталады», – деді әкім.  

2019 жылы 3174 орындық 13 білім нысаны мен 162 жекеменшік мектеп пайдалануға берілген. 2020 жылы 27 білім беру нысанының құрылысы жүріп жатыр. 

Осылайша, бұл шаралар екі ауысымда білім беретін мектептердегі тапшылықты 30 мың орынға дейін азайтуға, сондай-ақ 10 мың орынға арналған балабақша кезегін азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, мемлекеттік білім беру тапсысыры бойынша жекеменшік бизнес те дами түскен. 2020-2022 жылы жекеменшік инвестиция есебінен 2240 орындық 4 мектеп, 8 мың орындық 300 балабақша салу жоспарланған. Қала әкімінің айтуынша, бұл меткеп пен балабақша жетіспеушілігі мәселесін сөзсіз шешеді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации