Биыл елімізде жүрек ауыстыру операциясы екіа-ақ рет жасалған  

30 қыркүйек, 08:39

Фото: ғаламтордан

 Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының тізімі бойынша елде 130-ға жуық азамат жүрек трансплантациясына мұқтаж.

Алматы, NEGE. 2012 жылдан бері жалпы 80-нен астам адамның жүрегі ауыстырылды. Былтыр 9 операция жасалса, биыл жыл басынан небәрі 2 науқасқа ғана донор табылған. Мұндай төмен көрсеткіш карантин мен донордың тапшылығына байланысты дейді мамандар. 

Елімізде жаңа ағзаға зәру жандардың саны кардиохирургия орталығындағы көрсеткіштен әлдеқайда көп. Әсіресе індет кезінде қатты байқалды. Ковид-19 кесірінен бірқатар науқастың жүрегі шыдас бермеді. Өйткені жүрек қан тамырлары ауруына душар болғандар вирусты ауыр өткереді, дейді дәрігерлер. Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының реаниматолог-дәрігері Айдын Қуанышбек: «Біздің клиникаға ең ауыр науқастар жатқызылды. Өйткені сіздер білесіздер дүние жүзі бойынша ВОЗ-дың көрсеткіші бойынша соңғы 15 жылда ең бірінші орынға өлім көрсеткіші жөнінде жүрек қан тамырлары бар ауру науқастар болса, сол науқастардың ішінде ең ауыр түрінде өтетіні жүрек қан тамырларында ауру бар науқастарда Ковид-19 ауыр түрде өтеді» деді. Карантин жарияланған кезде вирусқа қарсы күреске алғашқы болып атсалысқан медициналық мекемелердің қатарында кардиохирургия орталығы да бар. Клиникада ем қабылдаған 240-тан астам науқастың шамамен 1/3 бөлігі жедел көмек көрсету бөлімшесі арқылы шипа алды. Оның ішінде 15 пациент ЭКМО және 40 науқас өкпені жасанды желдету аппараттарына қосылды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации