БҒМ министрі ата-аналарға қандай кеңес берді?

25 наурыз, 11:03

Фото: zakon.kz

Қазіргідей барша жұрт үйден шықпай отырған кезеңде ата-аналардың немен айналысқаны дұрыс? Олар балаларына қандай тәрбие көрсетіп, не үйрете алады? 

Алматы, NEGE. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың министр ретінде емес, әке ретінде айтқан кеңестерін zakon.kz. жариялады.

Құрметті ата-аналар! 16 наурыздан бастап балаларымыз көктемгі демалысқа шықты. Демалыс 21 күнге созылады, сондықтан осы уақытты қызықты әрі пайдалы іске арнаған жөн. Әсіресе қазір, ата-аналардың көпшілігі үйде болған кезде, балаларға бағыт сілтеп, жөн көрсетуге мүмкіндіктері бар, - дейді Асхат Аймағамбетов.

Минсистр 4 сыныпта оқитын баласымен бірге жаңа оқу жылы басталғалы бері «Робинсон Крузо», «Том Сойердің шытырман оқиғалары», «Менің атым – Қожа», «Көшпенділер» трилогиясы сынды кітаптарды бірге оқығанын айта келе, ата-аналарға ұл-қызымен бірге кітап оқуға кеңес берген. «Егер бала ата-анасының кітап оқып жатқанын жиі көретін болса, өзі де көп ұзамай кітапқа бас қояды», дейді минстр.

Сондай-ақ, ол «Қазір біз қашықтықтан оқуды жалғастыруға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйелерді дайындап, тестілеуден өткізіп жатырмыз. Сонымен қатар, телеарналар арқылы сабақтар өткіземіз. Бұл тек оқушылар үшін ғана емес, ұстаздар қауымы үшін де әдеттен тыс формат. Сондықтан мұғалімдердің жұмысына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын», дейді министр.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации