«Белгісіз пневмония» мен Covid-19 статистикасы НЕГЕ бірге есептелмейді?

15 шілде, 22:19

Фото: ғаламтордан

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен гуманитарлық көмек пен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі онлайн брифингте БАҚ өкілдері неліктен Қазақстан осы уақытқа дейін коронавирус пен пневмония бойынша статистиканы бөлек жүргізгенін сұрады.

Неге Қазақстандағы Қытай елшілігі елде жаппай өлімге әкеп соғатын «белгісіз пневмония» пайда болды деп шешіп, өз азаматтарына ескертуге асыққан? Бұл жарияланған хабарламада «қазақстандық БАҚ деректеріне сәйкес, маусым айының ортасында Атырау, Ақтөбе және Шымкентте пневмонияға шалдыққандар күрт өскені айтылған. Қазіргі уақытта науқастар саны 500-ге жуық, 30-дан аса адам ауыр халде жатыр. Осы жылдың алғашқы жартысында пневмониядан 1772 адам қайтыс болған. Тек маусым айының өзінде Қытай азаматтарын қосқанда 628 адам көз жұмған» делінген.

«Бұл Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты әлемдік БАҚ өкілдерінің назарын аударды. Кейіннен Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратты теріске шығарды. Ал сыртқы істер министрлігі осы мәселе бойынша қытайлық елшіге наразылық жариялады ма?», – деп сұрады журналистер.

Бұл сұраққа Сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев жауап берді. Ол елдегі пневмонияға байланысты ақпарат дереккөздерін еркін интерпретациялауға жол бермеуге шақырды.

Сондай-ақ, Ашықбаев бұл жаңалық шыққан соң Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен Қазақстандағы ҚХР елшісімен телефон арқылы сөйлескенін айтты. Оның сөзінше, әңгіме барысында Денсаулық сақтау министрлігі статистика қалай жүргізілетінін түсіндірген. Нәтижесінде екі тарап эпидемияға қарсы қызметті объективті ақпараттың маңыздылығын және Қазақстандағы пневмония туралы ақпараттық көздерді еркін интерпретациялауға жол берілмейтінін атап өткен»,  деді Ержан Ашықбаев.

Қытай елшілігінің мәлімдемесінен кейін министрлік коронавируспен қатар тараған «белгісіз пневмонияны» тексеруге кіріскен сияқты. Денсаулық сақтау министрлігі басшысының орынбасары ОКҚ-де өткен онлайн-брифингте еліміздің бірнеше аймағында пневмонияның өршуіне қатысты тергеудің алдын ала нәтижесін жариялады.

«Өкпенің зақымдану қоздырғышы ретінде болған вирустар әлі анықталмаған» деген вице-министр Людмила Бұйрабекова ДДСҰ Қазақстанға пневмониямен ауыратын науқастарды тіркеу туралы кеңес беріп жатқанын айтты. Елде пневмонияның басталуы осы уақытқа дейін коронавирусқа қатысты статистикалық мәліметтерден бөлек ескерілген, алайда ДДСҰ пневмониямен ауыратын адамдардан Covid-19 анықталмаған деп болжап отыр. Сонымен бірге, Денсаулық сақтау министрлігі «коронавирустық емес» пневмонияның қоздырғышын анықтау үшін еліміздің бірнеше аймағында тексеру жүргізуде. Бүгінде 4 аймақтың науқастары тексерілген.

Олар қоздырушы ретінде әсер еткен вирусты емес, тек стрептококк, стафилококк, саңырауқұлақтар және т.б. секілді бактерияларды анықтапты. Бұйрабекованың айтуынша, еліміздің басқа аймақтарында да зерттеу жүргізілетін болады. Енді науқастардан коронавирусқа қарсы антиденелер сараптамасын алуды жоспарлап отыр. Денсаулық сақтау вице-министрі Қазақстанның халықаралық ұйымдармен пневмония індетін COVID-19 статистикасына енгізу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын атап өтті.  

Демек, алдағы уақытта пневмония мен коронавирустан құрбан болғандардың көрсеткіші бірге жариялануы да мүмкін. Әу баста пневмонияны да Covid-19 диагнозына жатқызып, статистиканы өсіріп көрсеткен Денсаулық сақтау министрлігі енді неге екеуін бөлек есептеуге көшті?

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации