Белгілі тұлғалардың есімі мектептерге берілді

25 қыркүйек, 18:39

Фото: google.com

Түркістан облысында жалпы орта білім беретін 14 мектепке қазақтың тарихи тұлғалары мен қоғам қайраткерлерінің есімі берілді.

Алматы, NEGE. Рrimeminister.kz сайтында Үкімет басшысы Асқар Маминнің тиісті Қаулысы жарияланды.

Атап айтқанда, 1) Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 14 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазыбек бидің есімі;

2) Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 19 жалпы орта мектеп» комуналдық мемлекеттік мекемесіне Төле бидің есімі;

3) Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 22 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бауыржан Момышұлының есімі;

4) Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 23 ІТ-мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Жұмабек Тәшеневтің есімі;

5) Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 24 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мұстафа Шоқайдың есімі;

6) «Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 26 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әйтеке бидің есімі;

7) Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 27 ІТ-мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Өзбекәлі Жәнібековтің есімі;

8) Түркістан қаласы әкімдігінің адами капиталды дамыту бөлімінің «№ 21 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мырзахан Пошановтың есімі;

9) Жетісай ауданы білім бөлімінің «№ 28 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Хиуаз Доспанованың есімі;

10) Жетісай ауданы білім бөлімінің «№ 8 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Алпамыс батырдың есімі;

11) Келес ауданы әкімдігінің «Келес аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Әшірәлі Кенжеевтің есімі берілді.

Сондай-ақ келесі білім беру ұйымдары қайта аталды:

1) Жетісай ауданы білім бөлімінің «Г.Титов атындағы № 54 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жетісай ауданы білім бөлімінің «Ілияс Есенберлин атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) Жетісай ауданы білім бөлімінің «А.Чехов атындағы № 62 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жетісай ауданы білім бөлімінің «Кенесары хан атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3) Ордабасы ауданы білім бөлімінің «Батсу» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ордабасы ауданды білім бөлімінің «Сағадат Нұрмағамбетов атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4) Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «№ 33 «Жуантөбе» жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Сағадат Нұрмағамбетов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгерді.

«Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген Премьер-Министрдің Қаулысында.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации