Батыс пен оңтүстікте жауын-шашын

12 наурыз, 10:15

Фото: tengrinews.kz

Бейсенбі күні Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде ғана жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады ҚазТАГ  «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы. NEGE. «ҚР басым аумағына бұрынғысынша антициклон ықпал етеді, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде фронталды бөліктерге байланысты кей жерлерде жауын-шашын күтіледі (жаңбыр). Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, тұман, солтүстігінде көктайғақ күтіледі», - делінген хабарда.

Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз 0+2, түнде -5-7.

Алматыда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +10+12, түнде -1+1 шамасында.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан екпіні 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +14+16, түнде +1+3.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5, түнде -2-7.

Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр күтіледі, түнде жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел күшейеді. Күндіз +8+13, түнде -1-6.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күітледі, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3+2, түнде -10-15.

Түркістан облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +13+18, түнде –2+3.

Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, түнде жауын-шашынсыз. Күндіз +12+17, түнде 0+5.

Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +4+9, түнде 0-5.

Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз +12+17, түнде +3+8.

Қостанай облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі, 18 м/с жел тұарды. Күндіз 0+5, түнде -2-7.

Павлодар облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -1+4, түнде -8-13.

Атырау облысында жауын-шашынсыз, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +14+19, түнде 0+5.

Ақмола облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман, көктайғақ. Күндіз 0+5, түнде -2-7.

Алматы облысында жауын-шашынсыз, күндіз Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +8+13, түнде -5-10.

Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +11+16, түнде -2+3.

Қарағанды облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -2+3, түнде -8-13 (батысында -5).

«Алдағы тәулікте таулы өзендерде мұз қату құбылысының ары қарай әлсіреуі жалғасады. Республиканың батысындағы өзендерде ауа температурасының жоғаыр болуынан мұз жамылғысы қарқынды түрде әлсірейді, су деңгейінің көтерілуі мүмкін», - деп ескертті синоптиктер.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации