Баталов та халыққа есеп беріп жатыр

19 ақпан, 12:21

Фото: egemen.kz

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов халыққа есеп беріп жатыр. Алматы қаласының әкімі мен Алматы облысы әкімінің есебі бір күнде өтуі жай ғана сәйкестік пе?.. 

Өткен жылы Алматы облысындағы жалпы өңірлік өнім көлемі бұрынғыға қарағанда 4,5 пайызға өсіп, қаржылай түсім 3 триллион теңгеге жеткен. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов есеп беру жиынында баяндады.

Алматы, NEGE. «Биыл облыс бюджетінен бөлінетін қаржының 75 пайызы тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мен тіршілік етуге қолайлы орта қалыптастыруға бағытталады. Мәселен, білім саласына 59 миллиард теңге жұмсалмақ. Аймақтағы жолдарды жөндеуге 40 миллиард теңге, тұрғын үй құрылысын жүргізуге 32,6 миллиард теңге, ауыз сумен қамтуға 10,5 миллиард теңге және табиғи газбен қамту ісіне 3,2 миллиард теңге қаржы қарастырылған», – деді облыс әкімі Амандық Баталов.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев тиімсіз шығындарды қысқартуды тапсырған соң Nege.kz порталы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың атына сауал жолдаған. Редакцияға келген жауапта әкімдік аппараты көлік жаңаламайтынын айтқан-ды. Облыс әкімі есебінде осы мәселені тағы қайталап айтты.

«Адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсарту біздің тікелей міндетіміз. Әсіресе, мемлекет қолдауына мұқтаж жандарды қамқорлықсыз қалдырмаймыз. Өткен жылы әлеуметтік жағынан қорғауды қажет ететін тұрғындар мен көп балалы отбасыларға көмек көрсету үшін облыстың әлеуметтік картасын жасадық. Ол бойынша арнайы санатқа жататын адамдар нақты көмек алды», – деді облыс әкімі Амандық Баталов.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации