Бастық болғысы келетіндер ауылға бармайды

11 наурыз, 15:31

Фото: facebook.com

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. 

Алматы, NEGE. Басқа-басқа жас мамандар әлі де мемлекеттік қызмет мінберіне шығып, өз шеңберіндегі жетістікке жетуді көздейді. Әйтсе де олардың дені туып-өскен аймаққа емес үлкен мегаполистерге көш түзейтіні бар. Неге? Бұл мәселе Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы да бей-жай қалдырмапты. 

«Заң жобасында «Дипломмен ауылға» бағдарламасын мемлекеттік қызметшілерге қолдану ескерілген. Қазіргі уақытта ауылдық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарда кадрлардың жетіспеушілігі орын алып отыр. Биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауылдардың кадрлық тапшылығы 1068 адамды құрады. Оның ішінде атқарушы деңгейде 936 адам. Түзетулер ауылдағы мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру, мемлекеттік қызметке білікті кадрларды тарту мақсатында ұсынылған», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова.

Әлемдегі жұмыссыздық тауқыметі Қазақстанды айналып өтпегені мәлім. Статистиканың тісі байтпайтын бұл мәселе ақиқатын маңайымызға қарап аңғаруға болады. Көпшілігіміздің Қазақстандағы белді оқу орынын бітірген танысымыз жұмыссыз жүр. Сұрасаң «жоқтан» басқа түк айтпайды. Ал сол мемлекеттік қызметке жауапты төраға істейтін адам жоқ деп аң-таң. Сол үшін мемлекеттік деңгейде бағдарлама қабылдап, заң жобасына өзгеріс енгізіп жатқанымыз тағы бар.

Біздіңше екі арада көпір ретінде құрылған «халықты жұмыспен қамту орталығының» жұмысын жандандырып, жас маманның жалақысын ортадан сәл көтеру керектей.  

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации