Баланы тоқпақтаған тәрбиеші ісі қорытындыланды

12 наурыз, 07:27

Фото: google.com

«Шағала» шипажайында баланы ұрып, жұмыстан шығып кеткен тәрбиеші ісіне қатысты комиссия қорытындысы жарияланды.

Алматы, NEGE. «Тексеру кезінде балаға күш қолдану дерегі расталды. Облыстық балалар сүйек-өкпе туберкулезі шипажайы бас дәрігеріне қатаң сөгіс беріліп, бас дәрігердің орынбасары жұмыстан кетті. Оқиғаға куә болған, бірақ еш шара қолданбаған медбикеге қатаң сөгіс жарияланды», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова.

Білім саласының қызметкерлері де жазаланды. Ем қабылдап жатқан баланы ұрып-соққан екі тәрбиеші жұмыстан босатылды. Комиссияның тексеру жұмысынан соң психолог өз еркімен жұмысынан кетті. Шипажайда тәрбие жұмысына жауапты қызметкер де 10 наурыздан бастап жұмыстан шығарылды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации