Балаларға маска тағу міндетті емес

01 тамыз, 11:36

Фото: google.com

Елімізде балалардың маска тағып жүруін міндеттейтін талаптар өзгерді.

Алматы, NEGE. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырудың және өткізудің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 5 шілдедегі бұйрыққа өзгерістер енгізді.

Бұйрық мәтіндегі өзгерістер былай көрсетілген:

7) бес жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, қоғамдық орындарда, халыққа баруға, қызмет көрсетуге және демалуға арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте, сонымен қатар әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану кезінде медициналық немесе матадан жасалған маска кию міндетті;

9) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бес жасқа дейінгі балалар мен жеке, топтық спорт түрлерімен бес адамнан аспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, ашық жерлерде медициналық немесе шүберек маскаларын кию міндетті болып саналады», – делінген жаңартылған құжатта.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации