Балабақшалар жабыла ма?

14 наурыз, 07:39

Фото: facebook.com

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирусқа байланысты жағдай қиындап кетсе балабақшалардың жұмысы тоқтатылуы мүмкін екенін айтты.  

Алматы, NEGE. «Мектеп бойынша шешім қабылданды. Ал балабақша туралы қабылданған жоқ. Бәлкім, ата-аналардың өзі белгілі бір шешім қабылдайтын болар. Олар жұмыс кезінде балаларын бір жерге қалдыруы керек қой. Егер жағдай қиындап кетсе, қажет шараны қабылдауымыз мүмкін. Ал аудан әкімдері өздері шешім қабылдауға құқығы бар», – деді Біртанов ОҚК брифингінде. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации