Бекзат Саттарханның әкесі өмірден өтті

26 ақпан, 09:05

Фото: google.com

Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханов қайтыс болды.

Алматы, NEGE. Бұл мәліметті Түркістан облысы әкімдігі Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Асхат Мырзахметов растады.

«Сейілхан Саттарханов жүрек ауруынан 25 ақпан күні сағат 11.00 шамасында кенеттен қайтыс болды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, марқұмның жаназасы бүгін сағат 15.00-де өз үйінен шығарылады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации