Бақытжан Ғаязов отставкаға кетті

29 қыркүйек, 20:31

Фото: google.com

Рудный әкімі Бақытжан Ғаязов қызметінен босатылды.

Алматы, NEGE. Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Рудный әкімі отставкаға кету туралы өтініш жазған.

Бақытжан Ғаязов бұл қызметте 9 жыл болған еді.

Бақытжан Темірұлы Ғаязов 1962 жылы 27 қазанда РФ Челябі облысы Қарталы ауданы Роднички ауылында дүниеге келген. 1982 жылы РФ Челябі облысы Троицк қаласы зооветеринария техникумын бітірді. 1982- 1984 жылдары - Кеңес Әскері қатарындағы қызметте болды. 1989 жылы Троицк ветеринар институтын ветеринар дәрігері мамандығы бойынша, 2003 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации