Бақыт Сұлтанов: Супермаркеттерде дүрбелең жасамау керек

13 наурыз, 13:32

Фото: сурет ғаламтордан алынды

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов коронавирус инфекциясына байланысты супермаркеттер мен базарларда туындаған дүрбелеңге байланысты қазақстандықтарды сабырға шақырды.

Алматы, NEGE. «Бізде дүрбелең бар деген сөз шықса, ол ақпаратқа сенбеуге шақырамын. Әлеуметтік желілерде супермаркеттен түсірілген суреттің тарап жатқанын көрдіңіздер. Кез келген супермаркетте әрқашан әртүрлі суретті түсіріп, тарата беруге болатынын білесіздер. Өнімдер туралы айтар болсам, ешқандай жетіспеушіліктің жоқтығын атап өткім келеді. Ақпараттың аздығы сезілуі мүмкін, бірақ біз тауарлардың жетіспеушілігіне жол бермейміз. Бұл бәрімізге байланысты. Дүрбелең туғызудың қажеті жоқ», – деді Бақыт Сұлтанов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша коронавирустың таралуына қарсы теңдессіз шаралар Қазақстандағы карантинді ұзаққа апармайды. Сонымен қатар ол Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бойынша жағдай тұрақты екенін жеткізді.

«Егер өткен жылы біз айтарлықтай өсімді байқасақ, ал бүгінгі күні өсімді туындатар барлық себеп жойылды. Алғашқы екі айда соңғы бес жылдағы өсімнің ең минималды деңгейін көріп отырмыз. Осы кезеңде 19 әлеуметтік маңызы бар тауарлар топтарында 0,6 пайыздық өсім байқалды», – деді Бақыт Сұлтанов. Сонымен қатар министр азық-түлік бағасы бақылауда екенін жеткізді. «Ешқандай проблема жоқ. Ешқандай тапшылық болмайды. Әрине кәсіпкерлер қолдан бағаны көтеремін десе, бұның бәріне спекуляция деп баға беру керек. Бұл ретте тиісті мемлекеттік органдар жұмыс істеп жатыр», – деді ол.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации