Азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмыс істей ме?

15 наурыз, 16:50

Фото: сурет ғаламтордан алынды

Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғанына қарамастан азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмысын тоқтатпайды, - деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі. 

Алматы, NEGE. "Елімізде төтенше жағдай жариялануына қарамастан азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмысын жалғастыра береді. Сауда-ойын сауық орталықтарындағы азық-түлік дүкендерінің жұмыс істеуіне қатысты мәселені әкімдіктерден нақтылап жатырмыз. Себебі, бұл мәселеге қатысты шешімді әрбір әкімдік өзі қабылдайды. Алайда жеке азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмыс істейді", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, министрлік Нұр-Сұлтан қаласындағы ірі сауда орнының жұмысына шектеу қойылуы мүмкін екенін жеткізді.

"Шектеулер қойылуы ықтимал. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласындағы "Артем" сауда үйі жабылуы мүмкін. Алайда оның бірінші қабатындағы азық-түліктер сататын орын жұмыс істейді", - дейді министрліктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде төтенше жағдай жарияланғанын мәлімдеген болатын.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации