Аягөз қаласының әкімі ұсталды

18 қыркүйек, 16:09

Фото: ғаламтордан

Аягөз қаласының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды. 

Алматы, NEGE. «ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны үшін жеке кәсіпкерлік субъектісінен 1,2 млн теңге сомасында пара алу фактісі бойынша Аягөз ауданының Аягөз қаласы әкіміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров онлайн баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, күдікті ҚР ҚПК 128-бабы тәртібіне сәйкес ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации