Ауқатты адамдар қай өңірде тұрады?

25 ақпан, 17:39

Фото: 24.kz

Қазақстанда жұмыс істеп жүрген Өзбекстан азаматтары тоғыз айдың ішінде өз еліне 108,5 миллион доллар аударған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов шетелден еңбек күшін көптеп тартатын облыстарды атады.

Алматы, NEGE. «Мысалы, шетелдіктерді өз үйінде жұмысқа салып жатқандардың басым бөлігі Атырау, Алматы, Түркістан мен Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ, Алматы қаласында тұрады. Сол өңірлерде шетелдіктерді үйінде жұмсауға жағдайы бар кісілер көбірек болса керек», – деді Нұрымбетов сенатта көші-кон мәселесіне арналған жиында.

Министрдің айтуынша, өткен жылы Қазақстанда еңбек мигранттарын тартуға 414 000 рұқсат берілді. Бұл – ішкі істер министрлігінің есебі.   

«Рұқсат қағазын бергенде дактилоскопиялық мәліметтерді алып, фотоға түсіреді. Сөйтіп, еңбек мигранты ретінде тіркеп қояды. Ол адам табыс салығын алдын ала төлейді де, Қазақстан азаматының үйінде жұмыс істей алады. Негізі осы санаттағы мигранттардың басым бөлігі не үй салады, не үйді жөндейді», – деп атап көрсетті Нұрымбетов.

Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда жұмыс істеп жүрген Өзбекстан азаматтары тоғыз айдың ішінде өз еліне 108,5 миллион доллар аударған. Ал барлық шетелдік 760 миллион теңгенің көлемінде табыс тауып, өз үйлеріне жіберген. «Шетелде жүрген қазақстандықтар болса, өз еліне 383 миллион доллар жіберген. Сонда айырмашылығы 377 миллионды құрайды», – дейді Нұрымбетов.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации