Ауаның райы

05 наурыз, 10:34

Фото: Сәрсенбек Қызайбек

Бейсенбі күні Қазақстанның тек батысында, оңтүстік-батысы мен шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады ҚазТАГ «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы. NEGE. «Барикалық құбылыстар мен онымен байланысты фронталды бөліктердің жылдам ауысуы Қазақстан аумағының басым аумағындағы ауа райыны анықтайтын болады, соған байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады (жаңбыр, қар), жел күшейеді, солтүстігінде – бұрқасын. Тек батыста, оңтүстік-батыс пен шығыста жауын-шашын болмайды. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, күндіз кей жерлерде қар жауады. Оңтүстік-батыстан екпіні 3-8 м/с жел тұрып, ол солтүстікке ауысады, күндіз екпіні 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз -1-3, түнде -10-12.
Алматыда құбылмалы бұлтты, кешкісін аздаған жауын-шашынды (жаңбыр, жылымық қар). 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +9+11, түнде 0 шамасында.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз +9+11, түнде +1+3.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр күтіледі, түнде жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз +7+12, түнде -2+3.

Түркістан облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр күтіледі, түнде жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +8+13, түнде -1+4.
Қостанай облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар жауады, түнде жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, жаяу сырма соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -4+1, түнде -7-12.
Алматы облысында күндіз таулар мен тау маңдарында аздаған жауын-шашын күтіледі, түнде жауын-шашынсыз, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, күндіз Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с жел тұрады. Күндіз +8+13, түнде -4+1.
Ақмола облысында күндіз кей жерлерде қар күтіледі, түнде жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі, ертеңгісін және күндіз кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5, түнде –8-13.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қар жауады, жаяу сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз көктайғақ болады Күндіз -1-6, түнде -3-8.
Павлодар облысында кей жерлерде қар күтіледі, жаяу сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -4+1, түнде -8-13.
Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар күтіледі, түнде жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, көктайғақ. Күндіз 0-5 (оңтүстігінде +3), түнде -10-15 (оңтүстігінде -6).
Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз 0+5, түнде -0-5.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +2+7, түнде -2+3.
Атырау облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +8+13, түнде -2+3.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз +12+17, түнде 0+5.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +7+12, түнде 0-5.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ. Күндіз 0-5, түнде -8-13.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысы мен батысындағы өзендерде және Қазалы ГБ ауданындағы Сырдария өзенінде мұз қату құбылысы ары қарай төмендейді және су деңгейі көтеріледі. Қазақстанның жазықтық аумағындағы қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деп ескертті синоптиктер.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации