Ауаны бақылайтын станциялар орнатылды

14 тамыз, 18:53

Фото: google.com

Ауаны бақылау үшін мегаполистің әр бөлігінде 10 автоматтандырылған станция орнатылды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасының бастығы Наталья Ливинская айтты.

Алматы, NEGE. «Карантин кезеңінде сарапшылармен, экологиялық және көліктік қоғамдастықтардың өкілдерімен бірге қоршаған ортаны жақсарту бойынша қысқа мерзімді іс-шаралар жоспары жасалды. Қаланың әр жерінде ауаны бақылау үшін 10 автоматтандырылған пост орнатылды. Осылайша алматылықтар ауа сапасын Led-экран арқылы бақылай алады», – дейді Наталья Ливинская.

Оның айтуынша, атмосфералық ауаның ағымдағы жағдайы туралы ақпарат Led-экранға 26 датчиктен келіп түседі, ақпарат күніне үш рет жаңартылып тұрады.

Қосымша тағы 10 мониторинг станциясына қосу жоспарда бар.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации