Ауа ластануы әлемді жылына 3 триллион доллар шығынға ұшыратып отыр

21 ақпан, 10:22

Фото: saratov24.tv

Отындықтардың жануынан ауаның ластануы күніне 8 млрд АҚШ доллары көлемінде экономикалық шығындарға әкеледі екен. Бұл туралы «Гринпистің» есебіне сүйене отырып, Bloomberg Green ақпарат таратты.

Алматы. NEGE. Бұл – әлемдік жалпы ішкі өнімнің 3,3%-ы немесе 2,9 триллион АҚШ доллары. Ауаның ластануы күн сайын миллиардтаған адамға зиянын тигізіп отыр. Осы мәселені жаңғыртылатын энергия көздеріне өту арқылы шешуге болады. Дизельмен және бензинмен жүретін автокөліктерден бірте-бірте бас тартып, қоғамдық көліктерді дамыту ләзім.

Еліміздегі ең ауасы лас қалалардың қатарына Нұр-Сұлтан, Алматы, Теміртау, Қарағанды, Атырау жәнен басқа да ірі қалалар жатады. Бес жыл ішінде қоршаған ортаны қорғауға 830 млрд теңге жұмсалыпты.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации