Атырауда COVID-19 жұқтырғандар саны 23-ке жетті

05 сәуір, 17:39

Фото: Yandex.com

Бүгін, 5 сәуір күні Атырауда коронавирус инфекциясымен тағы 1 адам тіркелді, деп хабарлады BAQ.KZ. Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Алматы, NEGE. Қауіпті вирус 47 жастағы әйел адамнан анықталды. Қазіргі кезде ол адаммен байланыста болғандар анықталып, түгелдей оқшауланды.

Осылайша, Атырауда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 23-ке жетті. Қазіргі уақытта инфекциондық стационарда – 23 науқас, провизорлық стационарда – 17, карантиндік стационарда 173 адам жатыр. Сонымен қатар, 925 адам үй карантиніне оқшауланған, - делінген ведомство хабарламасында.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации