Атырау облысында көлік апатынан бес адам қаза тапты

28 ақпан, 18:05

Фото: ҚазТАГ

Атырау облысында екі жеңіл көліктің соқтығысуынан бес адам қаза болды, деп хабарлады Қазақстанның ішкі істер министрлігінің ресми интернет ресурсы.

Алматы. NEGE. «Бүгін ертеңгісін Атырау облысы Теңіз вахталық ауылынан 25 шақырым жердегі «Құлсары-Теңіз» тас жолында екі көлік соқтығысты. Ресейлік есепте тұрған Chevrolet Aveo көлігінде Қазақстанның төрт азаматы болған. Барлығы оқиға орнында мерт болған. Екінші қарсы бетте келе жатқан «Лада 2131» көлігінің салонында Батыс Қазақстан облысының тұрғындары отырған. Көлік жүргізушісі алған жарақаттарынан мерт болды, ал жолаушылары ауруханаға жеткізілді», - делінген  хабарламада.

ҚР ҚК 345 бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«ЖКО жағдайлары мен себептері анықталуда, сот сараптамасы тағайындалатын болады», - деді полицейлер.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации