Атакенттегі алып тиін көшіріледі

14 ақпан, 12:25

Фото: Сәрсенбек Қызайбек

Алматыдағы алып тиін Атакент аумағынан көшірілмек, деп хабарлады Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов. 

Алматы, NEGE. Алтай Рахымбетовтың айтуынша, басқа жерге ауыстыру жұмыстары наурыз айында басталады.

«Арт нысанға қатысты тұрғындардың пікірі екі бөлінген. Бірі құптасы, енді бірі қарсы. Қоғамдық пікірді ескере отырып, мүсінді толық бұзбаймыз деп шештік. Бірақ «Атакент» аумағынан көшіріледі деген шешім қабылданды», - деді аудан әкімі.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации