Астанада тонаушы ұсталды

09 сәуір, 18:55

Фото: tengrinews.kz

Нұр-Сұлтанда ақша айырбастау орындарының бірін тонап кеткен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды tengrinews.kz полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы. NEGE. "Криминалдық полиция қызметкерлері осыған дейін бірнеше рет сотты болған елордалық 37 жастағы ер адамды ұстады. Ол бұл қылмыстық әрекетін алдын ала ойластырған. Қылмысқа бару алдында ер адам көлігінің нөмірін ұрланған нөмірге ауыстырған. Содан ақша айырбастау орны мен дүкен орналасқан ғимараттың есігін бұзып ашқан. Бірнеше метр жерді тізерлеп өткен", - дейді полицейлер.

Cондай-ақ, құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам видеобақылау камерасының объективін жауып, ғимаратқа кірген. Артынша сейфті ашып, онда түрлі валютада сақталған 12 миллиион теңгені алып кеткен. Ұрлаған ақшасының жартысын жаратып үлгерген екен.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации