«Astana LRT» компаниясының атауы өзгерді

27 ақпан, 11:10

Фото: ғаламтордан

Елордадағы қоғамдық көлікке жауапты «Astana LRT» ЖШС атауы өзгерді. 

Алматы, NEGE. Компания өкілдері ребрендинг жасап, логотипін өзгертті.

«Әу баста елордадағы халықтың саны 1 миллионға тек 2030 жылы жетеді деп болжанған еді. Алайда өздеріңіз көріп отырғандай, қала тез өсіп келеді. Компанияның жұмысын жандандырып, ребрендинг жүргізіп жатырмыз. Бұдан былай компаниямыздың атауы - City transportation systems, яғни қысқарта айтқанда CTS болмақ», - деді елордада өтіп жатқан көрме-конференция барысында компанияның басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации