Арулар 8 наурызға орай Президент қабылдауында болмайды

02 наурыз, 15:10

Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты жиын мен мерекелік концерт өткізбеу туралы шешім қабылдады.  

Алматы, NEGE. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

«Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу жөнінде шешім қабылдадым .Бұл әлемде коронавирустың таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалып отыр. Ардақты аналар мен аруларға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін»,  – деп жазды Президент.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации