Армения көліктерін тіркеу мерзімі екі айға ұзартылды

21 мамыр, 18:20

Фото: kaztag.kz

Қазақстанға Армениядан әкелінген көліктерді уақытша тіркеу мерзімі екі айға ұзартылды

Алматы, NEGE. «Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін заңнамада белгіленген тәртіппен: Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 553-бабы 4-тармағының 1.1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік тіркеу үшін алым мен Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 615-бабына сәйкес мемлекеттік баждар төлей отырып, Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан Республикасының азаматтарына тіркелген және Қазақстан Республикасына 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелінген, жүргізу органдары сол жақта орналасқан көлік құралдарын тіркеу», - делінген ҚР үкіметінің қаулысында.
Қазақстан Республикасы Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне тіркелген көлік құралдары меншік иелерінің салық міндеттемелерін төлеу және міндетті техникалық қарап-тексеруден өту мүмкіндігін қамтамасыз ету тапсырылды.
«Қазақстан Республикасы Қаржы және Ішкі істер министрліктері Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтары мен Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, 2020 жылғы 1 ақпаннан кейін Қазақстан Республикасына Армения Республикасынан көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған адамдарға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қабылдасын», - делінген құжатта.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы және Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2021 жылғы 1 желтоқсанға дейін ішкі істер органдарының басқа елдердің уәкілетті органдарында тіркелген көлік құралдарымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту туралы мәліметтерге, олардың иелері және оларды жүргізетін адамдар туралы деректерге қолжетімділігін ұйымдастыру үшін «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» және «Бүркіт» ведомстволық ақпараттық жүйелерін интеграциялауды қамтамасыз ету тапсырылды
Атап өтелік, бұған дейін Қазақстанға Армениядан әкелінген көліктерді уақытша тіркеу мерзімі 1 шілдеге дейін ғана еді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации