A-Parking тегін болады

20 наурыз, 17:30

Фото: 365 info.kz

Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай мен карантиндік шараларға байланысты біз басқаратын барлық қалалық автотұрақтар 21 наурыздан 15 сәуірге дейін ақысыз, тегін болады.

Алматы, NEGE. Сізден тұрақ ережелерінің барлығын сақтауыңызды сұраймыз, атап айтқанда:

• Көлігіңізді белгі қойылған тиісті жерге қойыңыз және автомобильдер арасындағы қашықтықты сақтаңыз

• Көлік қоюға арналған орынға ғана көлігіңізді тізгіндеңіз

• Төтенше жағдайлар қызметі үшін өтуге болатын жолдарды жаппаңыз

• Көлігіңізді тыйым салынған екінші жолға қоймаңыз

Қалалық автотұрақтардағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу мен бақылауды Алматы қаласының Жол полициясы басқармасы жүзеге асырады.  

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты  Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығының негізінде, халықтың өмірі мен денсауығын сақтау үшін еліміздің барлық аумағында 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін төтенше жағдай енгізілген болатын.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации