Алматының бас дәрігері кісі шақырып, қонаққа бармауға кеңес берді

12 наурыз, 18:03

Фото: сурет ғаламтордан алынды

Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев үйге кісі шақырып, қонаққа бармаған жөн дейді. Мегаполистің бас дәрігері коронавирустың таралып кетпеуі үшін кешенді шаралардың жасалып жатқанын мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Қазір Алматыда шетелден келген азаматтарды оқшаулау үшін бірнеше медициналық орталық бар. Оның 2-і инфекциялық стационар болса, тағы 4 медициналық стационар жұмыс істеп тұр. Онда 490 адам бар. Қауіпті мемлекеттерден келген азаматтар бірнеше санатқа бөлініп бақылауда ұсталады.

Яғни, «а» тобына Қытай, Оңтүстік Корея, Иран және Италия мемлекеті жатады. Бұл азаматтар 14 күндік карантиннен кейін 10 күн бойы медицина қызметкерлері қоңырау шалып, олардың денсаулығын біліп отырады. 1 «б» тобына Франция, Германия мен Испания елдері кіреді екен.

«Бұл адамдар үйде карантиннің кезінде бұл карантинді үзетін болса, онда біз Тауарлардың қасиеті мен оның қауіпсіздігін қадағалайтын департаменттің өкілдеріне хабар береміз, олар бұл адамдарға әкімшілік шара қолдануына кейбір айыппұл салуларына құқықтары бар», - деді Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации