Алматылықтар НЕГЕ төтенше жағдай тәртібін бұзды?

23 наурыз, 16:50

Фото: Nege.kz

Алматы полициясы төтенше жағдайдың тәртібін бұзған адамдардың тізімін жариялады. Полиция материалдарының негізінде мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 15 әкімшілік материалды қарады.

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлап отыр.

 - ҚР ӘҚбК-нің 476 бабы 6 тармағы бойынша (төтенше жағдай кезінде карантинді бұзу) - 3 (кафе иелері Х.Р.Касанов және М.Б.Алахвердиев, "Восход" СҮ-нің иесі С.Н.Абубакир);
 - 476 бабы 1 тармағына сәйкес (төтенше жағдай кезінде кірудің және шығудың арнайы тәртібін бұзу) - 11 (такси жүргізушілері мен жолаушылары - Б.К.Сатиев, А.О. Изатов, Н.О.Керембаев, Е.Е. Еділбаев, Б.У.Сарсенов, Е.М.Кулназаров, Б.К.Усканова, А.М.Баймолда, сотталушылар 22.03 - М.Ж.Есбаев, К.Т.Базарбаев, Н.Т.Ермекбаевтер жазаланды.

Сот шешімімен тәртіп бұзған азаматтар 5-тен 10 АЕК-ке дейін айыппұл төлейтін болады.

#төтеншежағдай #коронавирус #алматы
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации