Алматылық дәрігерлер коронавирусты қалай емдеген?

26 наурыз, 17:45

Фото: tengrinews.kz

Алматылық дәрігерлер коронавирус жұқтырған әйелді қалай емдегенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы. NEGE. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 26 наурызда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирустан айыққан әйел шығарылды. Ол Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың алғашқыларының бірі болды.

Дәрігерлердің айтуынша, әйел вирусты Еуропа елдерінде жүргенде жұқтырған.

"Ол 14 күн бұрын карантинге жатқызылды. Коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған шығар. Сараптама қорытындысы COVID-19 барын анықтады. Ол вирусқа қарсы емнің барлығын толықтай алды. Вирустың ешқандай белгілері мазалаған жоқ. Ем барысында вирус асқынған жоқ. Соңғы екі сараптама коронавирустың жоқ екенін көрсетті. Хаттама бойынша біз науқастарды сараптама нәтижесі теріс болса да кем дегенде 14 күн емдеуіміз қажет", - деді жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Бақыт Отағанов.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации