Алматыға Оңтүстік Кореядан тағы жүз шақты адам келе жатыр

05 наурыз, 13:46

Фото: tengrinews.kz

Nege.kz редакциясы бұған дейін Алматыда 112 Қытай азаматының карантинде жатқанын жариялаған еді.

Алматы, NEGE. Кеше Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Шілдебайұлы бұл тізімнің 130-ға артқанын жеткізді. Қазір карантинде Қытай азаматтарынан бөлек Иран, Оңтүстік Кореядан келгендер де бар.

Ал бүгін Тілеухан Әбілдаев Оңтүстік Кореядан тағы жүз шақты азаматтың ұшып келетінін айтты. Нақты қанша адам және қаншада ұшып келетінін сұрағанымызда, «Бәлкім, жүзден көп болуы да мүмкін. Бірақ ол туралы нақты ақпаратты кейінірек мәлім етеміз» деп қысқа қайырды.    

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации